Халықаралық 10-шы Мұсылман фильмдері фестивалі  қорытындыланды

/uploads/thumbnail/20170708154224530_small.jpg

Татарстанның астанасы Қазан қаласында 5 қыркүйек күні басталған Мұсылман фильмдерінің кеше жабылу салтанаты болды. Аталған Мұсылман фильмдері фестиваліне 56 елден 513 фильм қатысқан. 10 рет өткізіліп отырған фестивальдің  бас жүлдесін Хорватияның «Халиманың жолы» атты көркем фильмі еншілеген. Бұл туралы ТРТ-қазақ арнасы жазды. Фестивальдің байқауына барлығы 20 фильм, 20 деректі фильм және 10 анимациялық фильм қатысқан.

Түрік режиссері Файсал Сойсалдың «Үш жол» атты фильмі Түріксой Арнайы жүлдесін олжалаған. Үздік режиссер аталымында Бразилия мен Ливанның ортақ фильмі «Соңғы аялдама», Үздік актриса аталымында Белоруссияның «Бабу» кинофильмінде ойнаған Тамара Миронова, Үздік актер аталымында Татарстанның «Құрбан-роман» фильмнің актері Даниль Шигапов жүлдеге ие болды. Ресей Мүфтилер кеңесінің бастамасымен 2005 жылы басталған аталмыш фестиваль Ресей, әрі әлем қоғамының Ислам және мұсылмандар жөнінде дұрыс мәлімет алуын мақсат етеді. 

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар